«Қайсардың» капитаны Мақсат Байжановтың командадан кеткені ресми хабарланды, деп жазады Prosports.kz.

Қызылордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойыншы отбасылық жағдайына байланысты команда сапынан кетуіне мәжбүр болған. Бұл шешімнің команданың сүреңсіз ойынымен еш қатысы жоқ.

Клуб ұжымы өз кезегінде Мақсатқа сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейтінін жеткізді.