6 қыркүйек күні Ташкент қаласында Халықаралық күрес қауымдастығының (FILA) даңқ Бөлмесінің жаңа мүшелерін марапаттау рәсімі өтті. Он алты лауреаттың ішінде екі Қазақстандық спортшы бар.

FILA даңқ Бөлмесіне 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров пен атақты жаттықтырушы, Валерий Резанцев, Анатолий Быков және Жақсылық Үшкемпіров сияқты Олимпиада жеңімпаздарын дайындаған Вадим Псарев енді.