Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежелері бойынша боксшылардың рейтингісін жариялады.

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин үшінші орынын сақтап қалды. Мейірім Нұрсұлтанов оныншы сатыға жайғасқан. Рейтингтік кестеде бірінші орынды украиндық Сергей Деревянченко иеленіп тұр. Бұл боксшымен GGG 5 қазан күні жұдырықтасады.

Жартылай орта салмақта Сиднейде Стив Гагоны жеңген Нұрсұлтан Жаңабаев 2 саты жоғарылады. Бірінші орын - өзбек Кудратилло Абдукахоровта. Үшінші орын Қазақстан тумасы ресейлік Сергей Липинец еншісінде.