Кеше америкалық жеңіл салмақтағы боксшы Джастин Томас қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz Boxingscene-ге сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Луизиана штатының Батон-Руж қаласында таңертең орын алған. Кафенің жанында боксшы белгісіз біреу тапаншамен атып кеткен. Томас дереу ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оны құтқаруға тырысқанымен, Томас қайтыс болды.

Джастин өзінің кәсіби мансабын 2012 жылы бастаған. Оның 24 кездесу өткізіп, оның 5-інде жеңілген.

Айта кетейік, 2017 жылы ол қазақстандық Али Ахмедовпен жұдырықтасып, жеңіліп қалған еді.