Қытай елінде өткен шахматтан балалар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі жүлде түсті.

Әлем біріншілігінде Қазақстанның намысын 15 спортшымыз қорғаған. Олардың екеуі, атап айтқанда Алуа Нұрманова мен Дінмұхамед Төлендинов жүлде алды. 8 жасқа дейінгі балаларға арасында Дінмұхамед Төлендинов тек ресейлік Артем Лебедевтен қалып, күмісті қанағат тұтты. Ал Алуа Нұрманова 15 жасқа дейінгі балалар арасында екінші орын алды.

Айта кетейік, Қытайдың Вэйфан қаласында өткен дүбірлі додаға әлемнің 55 елінен 582 шахматшы қатысты.