Ресейдің Қазан қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі мәресіне жетті. Кубоктік додаға Қазақстан сапынан Адина Әділханова мен Адиля Тілекенова қатысты.

Көпсайысқа жалпы есебі 56 гимнаст қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Әділханова 24-ші, Тілекенова 26-шы орын алды.

Алтын жүлдені ресейлік Дина Аверина иеленген. Күміс жүлдені Арина Аверина (Ресей), қоланы болгариялық Катрин Тасева еншіледі.