«Астана» футбол клубының футболшысы Антонио Рукавина Сербия ұллтық құрамасына шақырту алды.

Сербия 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Португалия және Люксембург құрамаларына қарсы ойындар өткізеді.

35 жастағы Рукавина осы маусымда «Астана» сапында ҚПЛ-дың 19 матчына қатысқан.

Бұрын «Боруссия Д», «Вильяреал» секілді белді клубтардың намысын қорғаған Антонио, Сербия ұлттық құрамасының жейдесінде бүгінге дейін 49 рет өнер көрсеткен.