"Тобыл" командасының жартылай қорғаушысы Самат Жарынбетов Премьер-лиганың 25-ші туры аясындағы "Тараз" командасына қарсы ойын туралы өз ойымен бөлісті (5:0), деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

– Ойын басталғаннан-ақ басымдыққа ие болдық. Жігіттер алаңның әр шебінде күресіп бақты. Нәтижесінде, осындай жеңіске қол жеткіздік. Мұның маңызы жоғары. Себебі, алда үзіліс күтіп отыр. Жақсы көңіл күймен оралуға бір себеп.

Жанкүйерлерді осынау жарқын жеңіспен құттықтаймын. Сіздердің қолдауларыңыздан команда тың күш алады.