Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!» - деп жазды Головкин Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетейік, GGG кезекті жекпе-жегін 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Жерлесіміздің қарсыласы украиналық - Сергей Деревянченко.