Мәскеуде өткен кеште қазақстандық боксшы Райымбек Асан жеңіске жетті, деп жазады Prosports.kz.

Орта салмақта бақ сынайтын Райымбек Асанның қарсыласы ресейлік Дмитрий Рахманов болды. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта-ақ нокдаунға жібергеннен соң Дмитрий Рахманов жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Айта кетейік, бұл кеште тағы бір боксшымыз Ғалым Шағатай ресейлік Александр Салтыковты жеңіп, ТМД чемпиондық белбеуін иемденген болатын.