«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Ривалдо әлемнің үздік үш футболшысын атады.

- Дәл қазір әлемнің үздік ойыншысы – Месси. Криштиану Роналду – екінші. Үшінші орында кім екенін білмеймін, бірақ ол Неймар емес. Бірінші кезекте бұл оның биылғы маусымдағы көрсеткішіне байланысты. Егер ол Испания чемпионатына оралатын болса келесі жылы әлемнің үздік үш ойыншысының қатарына енуге, тіпті үздік атануға мүмкіндігі бар.

Оның ПСЖ-ға ауысуы қателік болды. «Барселонаға» оралғанын қалаймын. «Барса» Неймармен бірге Чемпиондар лигасында мықты бола түседі. Бәріміз оның қателік істегенін жақсы білеміз, бірақ ол қайта гол соға бастағанда бәріміз ол туралы ұмытып кетеміз, – деді Ривалдо.