ПСЖ-ның шабуылшысы Неймар жақын уақытта «Барселонаның» ойыншысы атануы мүмкін.

El Chiringuito TV арнасының мәліметінше, каталондық клуб Неймарды бейсенбі, яғни 29 тамыз күні таныстыруды жоспарлап отыр.

Бұған дейін «Барселонаның» спорттық директоры Хавьер Бордас ПСЖ-мен Парижде өткен келіссөзден кейін Неймардың оралуға жақын екенін мәлімдеген болатын. «Барса» трансферге Усман Дембелені қосуы мүмкін.