Дзюдодан Жапонияда жалауы желбіреген әлем чемпионатының екінші күнінде 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша татамиге Анна Казюлина шықты, деп жазады Prosports.kz.

Негізгі уақытта қарсыласы вьетнамдық Цю Нгуинге түк істей алмаған Анна Golden Score кезеңінде үш рет ескерту алып, соның кесірінен қарсыласына жол берді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ерлер арасында 66 келі салмақ дәрежесінде Елдос Жұмақанов пен Ерлан Серікжанов татамиге шығады.