Жапонияда жалауы желбіреген дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов қола жүлдені жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz сайты.

60 келіге дейінгі салмақта қос бірдей балуанымыз қола жүлдеге таласты. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Ғұсман Қырғызбаев пен Елдос Сметов кездесті. Нәтижесінде Елдос Сметов вазари әдісімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бүгін жарыс жолына шыққан тағы бір спортшымыз Отгонцэцэг Галбадрах жұбаныш белдесуінде Мартинез Абебеленда Лаурамен кездесіп, ұтылып қалды.