Токиода өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының ширек финалында 60 келідегі қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Жапония спортшысы Нагаямадан жеңілді, жазады Prosports.kz.

Татами иесі Рюджу Нагаяма Сметовты иппон әдісімен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, 60 келі салмақтағы тағы бір дзюдошымыз Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға шыққан болатын. Ол атақты жапониялық Такатоны татамиден тайдырған өзбек Лутфуллаевпен белдеседі.