Дзюдодан Токиода өтіп жатқан әлем чемпионатын қазақстандық спортшылар сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

60 келіде Ғұсман Қырғызбаев үш айналымда да жеңіске жетсе, дәл осы салмақтағы екінші балуанымыз Елдос Сметов те үшінші айналымда италиялық дзюдошыдан басым түсті.

Қыздар арасындағы бәсекеде 48 келідегі Отгонцэцэг Галбадрах та үшінші айналымнан сәтті өтті. Ол өзінің колумбиялық қарсыласы Альваресті иппон әдісімен жеңді.