"Астана" - "Тараз" (5:0) арасындағы кездесу соңында жамбылдық команда бас бапкері Вахид Масудов ойын туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz, елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- "Астана" командасының деңгейі өте жоғары. Біз алғашқы таймда қарсылық көрсетуге тырыстық. Дегенмен, астаналықтар өз дегенін жасап кетті.
- "Қайратқа" қарсы лайықты қарсылық көрсеттіңіздер. Ал бүгін ол қолдарыңыздан келмеді. Неліктен?
- Бізде сырт алаңда ойнаған өте қиын. Оған қоса екі орталық қорғаушы мен шабуылшы Лобжанидзе бізге көмектесе алмады.