Қазақстандық жеңіл атлетика шебері Ольга Рыпакова Парижде өткен «Гауһар лигасының» кезекті кезеңіне қатысып, 8-орынды місе тұтты, деп жазады Prosports.kz.

Рыпакова үш қарғып секіруде 14 метр 16 сантиметр нәтижесімен 8-орынға ие болды. Венесуэлалық спортшы қыз Юлимар Рохас (15,05) бірінші орын алса, екінші орын кубалық Лиадагмис Повеаға (14,75) бұйырды. Үштікті америкалық Кетура Орджи (14,72) қорытындылады.