Люксембургтың Шиффланж қаласында өткен халықаралық турнирде қазақстандық Михаил Литвин жеңіске жетті.

Қазақстан командасының мүшесі 400 метрге жүгіруден топ жарды. Оның уақыт көрсеткіші – 46.24.

Екінші орынды франциялық жеңіл атлет Кристофер Налиали иеленді. Үшінші орында америкалық Майкл Берии.