29 тамыз күні Мәскеуде кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі «Профи Бокс Казахстана» парақшасы хабарлады.

Бұл бокс кешінде қазақстандық боксшы Ғалым Шағатай шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы жергілікті боксшы болады деп жоспарланып отыр. Бірінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыздың бұл кездесуінде титул сарапқа салынады.

Айта кетейік, кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізген Шағатай үшеуінде де нокаутпен жеңіске жеткен.

21 жастағы Ғалым Шағатай соңғы жекпе-жегін 25 шілде күні Мәскеуде өткізіп, жергілікті боксшы Дмитрий Рахмановты бар болғаны 74 секундта нокаутпен жеңген еді.