Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында футболдан Қазақстан Республикасының Президенті Кубогы үшін жасөспірімдер арасында ХІІ халықаралық турнир басталды, деп жазады Prosports.kz.

Турнирдің алғашқы ойыны Армения - Қазақстан-2 арасында өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталған еді.

Ал екінші матчта Қазақстан-1 мен Қырғызстан U-17 құрамалары кездесті. Бұл ойында алаң иелері айыр қалпақты ағайындарды аяған жоқ. Қорытынды есеп 8:0 болды.

Қазақстан -1 (U-17) – Қырғызстан U-17 8:0 (4:0)