«Рузаевка» командасының жартылай қорғаушысы Ислам Юнусов қырғызстандық «Алғаға» клубына ауысты.

19 жастағы ойыншы кәсіби мансабын 2018 жылы «Рузаевка» сапында бастаған. Бір жарым жыл көлемінде ол солтүстікқазақстандық клуб қатарында 42 матчқа қатысты.
Ал Бішкек қаласының намысын қорғайтын «Алға» командасы Қырғызстан чемпионатында 18 турдан 5-ші орында тұр.