Орта салмақтағы IBF чемпиондық белбеуіне үміткер Сергей Деревянченко қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің арасында өткен жекпе-жек туралы пікір білдірді.

- Екінші жекпе-жекте Головкин ұтылып қалды деп санаймын. Өйткені Альварес оған қарағанда дәлірек болды және оның комбинациялары сәтті өтті. Дегенмен боксшылар теңдей өнер көрсетті. Ал бірінші жекпе-жекте Головкин жеңген секілді, - деді Деревянченко.

Айта кетейік, Головкин мен Деревянченко 5 қазан күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» кешенінде жұдырықтасады.