Қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұрзат Сабыровтың (10-0, 6 КО) алдағы жекпе-жегінде кімге қарсы жұдырықтасатыны анықталды.

Жеңіліс дәмін татпаған Нұрзат Сабыров 26 қыркүйек күні Канаданың Квебек қаласында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз мексикалық Бруно Сандовал (20-3-1, 16 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. Кездесу он раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Нұрзат Сабыров соңғы жекпе-жегінде аргентиналық Ласло Тотпен (27-5-1, 19 КО) кездесіп, нокаутпен жеңді.