Беларустың pressball.by сайты футболшыларының Борисовта камбэк жасайтынына сенбейді, деп жазады Prosports.kz. БАТЭ Нұр-Сұлтан қаласында «Астанадан» 0:3 есебімен ұтылған еді.

- Кімнің қанша уақыт допқа иелік еткені маңызды емес. Маңыздысы, сол доппен нәтиже көрсету емес пе? «Астанада» айып алаңның сыртынан жақсы соққы бағыттайтын футболшы бар, БАТЭ-де жоқ. Әрине, Мукам мен Туоминен алыстан гол соға алмайды деген сөз емес. Бірақ, бұл - БАТЭ-ге жат әдіс. Бізге олай жол болу қайдан бұйырсың?

«Астана» алапат ойын көрсеткен жоқ қой. Тіпті, өтуге болатын команда әсерін қалдырды. Сондықтан да матчтың қорытындысы қынжылтады. Қалайша осындай командадан 0:3 ұтылуға болады?

БАТЭ-де шабуылды мүлде жоспар жоқ. Бірінші тайм оны айқын көрсетті. Доп аяқта, бірақ не істейтінін ұқпай футболшылар дал болады. Айып алаңға асырайын десе, ешкім жоқ. Позициялық шабуыл ұйымдастырайын десе, ойнататын ешкім жоқ, қозғалыс жоқ, ашлылып, футболшыларда өзің ұсыну жоқ.

Командада үлкен дағдарыс. Тіпті, Алексей Бага «автосбус» та қоя білмейді. «Не анда, не мында жоқтың» кейпі.

Бүгінгі БАТЭ дәл осы нәтижеге лайықты. Және сәтсіздікті сылтау етудің қажеті жоқ - деп қорытындылады портал өз материалын.