Сеулде волейболдан әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Қытай командасымен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Кездесудің фавориті саналған қытайлық қыздар 3:0 (25:23, 25:12, 25:15) есебімен жеңіске жетті. Осы жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы жартылай финалға шығатын мүмкіндіктен айырылды деуге болады. Біздің команданың тек теориялық тұрғыда ғана мүмкіндігі бар.

Қазақстандық волейболшы қыздар топтық турнирдің соңғы матчында Индонезия құрамасымен ойнайды.