Бүкіләлемдік баскетбол қауымдастығы (FIBA) биылғы әлем чемпионаты қарсаңында командалардың рейтингтегі орнын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингтегі тізімді Сербия құрамасы бастап тұр. АҚШ екінші орынға жайғасса, Испания үштікті түйіндеді. Қазақстан рейтингте 70-орында.

Еске сала кетейік, ел құрамасы Әлем чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңінен әрі аса алмады.

FIBA рейтингі:

  1. Сербия 2. АҚШ3. Испания 4. Франция 5. Грекия 6. Литва 7. Аргентина 8. Ресей9. Аустралия 10. Бразилия

...

70. Қазақстан