Беларусьтің БАТЭ командасы Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясында «Астанаға» қарсы матч өткізу үшін Нұр-Сұлтан қаласына жетті.

БАТЭ «Хилтон» қонақ үйіне тоқтады. Ал кешкісін ойын алдындағы жаттығу жұмыстарын жасайды.

Бүгін Алексей Бага бастаған бапкерлер штабы «Астанаға» қарсы матчқа шақырту алған 21 ойыншының есімін жариялаған болатын:

Қақпашылар: Александр Свирский, Сергей Черник, Антон Чичкан;

Қорғаушылар: Дмитрий Иммортал, Захар Волков, Борис Копитович, Алексей Риос, Александр Филиппович;

Жартылай қорғаушылар: Дмитрий Бага, Евгений Березкин, Виллум Тор Вилюмссон, Станислав Драгун, Эрвейн Мукам, Слободан Симович, Игорь Стасевич, Евгений Яблонский;

Шабуылшылар: Боян Дубайич, Антон Сарока, Неманья Милич, Максим Скавыш, Иаси Туоминен.

Айта кетейік, «Астана» мен БАТЭ арасындағы матч ертең «Астана Арена» стадионында өтеді.