«Астана» футбол командасының бас директоры Михаил Гурман клубтың жылдың бюджеті қанша екенін айтты.

- Бұрын «Астананың» жылдық бюджеті 40-50 миллион доллар деп еститінмін. Бірақ мен келгенде бюджет 9 миллиард 800 миллион теңгені құрайтынын көрдім (бұл шамамен 25 миллион доллар). Табыстың негізгі көзі УЕФА-ның сыйақылары мен футболшыларды сатудан түсетін қаражат, - деді Михаил Гурман QazSport арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, шілде айының соңында «Астана» футбол клубының бас директоры қызметіне тағайындалған болатын.