21-25 тамыз аралығында Австрияның Линц қаласында академиялық есуден лицензиялық әлем чемпионаты басталады. Владимир Белоногов баптайтын Қазақстан құрамасы жылдың ең ірі спорттық жарысына аттанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан спортшылары бүгін таңда Венаға ұшып кетті. Әлемдік сынның алғашқы жарыс күнінде Владислав Яковлев пен Светлана Германович жекелей сында, Михаил Таскин мен Анастас Шашков жұптық сында іріктеу кезеңінде қатысады.

Сонымен қатар, жеңіл салмақтағы жұптық сында Евгений Тацей мен Даниил Савченко, Марина Чернец пен Алина Климентьева, жекелей сында Алина Мочула сынға түседі.