Финляндияның Эспоо қаласында жеңіл атлетикадан Espoo Games аясында жарыс өтіп, Қазақстан атынан Надежда Дубовицкая бақ сынады, деп жазады Olympic.kz.

Биікке секіруден сынға түскен ол 1 метр, 79 сантиметрді бағындырып, бесінші орын иеленді.

Бірінші орын финляндиялық спортшының еншісінде. Күміс және қола жүлдені тиісінше Украина мен Финляндия атлеттері жеңіп алған.