Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов өзі өнер көрсететін Fight Nights ұйымына «сәлем» жолдады, деп жазады Prosports.kz сайты. Спортшы Instagram парақшасына: «Маған бір күнді беріңдер», - деп жазды. Бұған дейін «Найман» келесі жекпе-жегіне дайындықты бастап кеткенін мәлімдеген болатын. Әзірге оның қашан және кіммен жұдырықтасатыны белгісіз. Айта кетейік, Қуат Хамитов сәуір айында өткен соңғы жекпе-жегінде әзірбайжан спортшысы Нариман Аббасовтан жеңіліп қалған болатын.