Хорхе Масвидальдің (34-13) менеджері Абэ Кава Нэйт Диаспен (20-11) өтетін жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. - Осы аптада Нэйттің командасымен кездесіп, жекпе-жек туралы сөйлесеміз. Хорхе де желтоқсан айында октогонға оралғысы келеді, – деді Кава.

Нейт Диас жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Энтони Петтисті жеңген болатын. Араға үш жыл салып октогонға оралған Диас Хорхе Масвидальді жекпе-жекке шақырды.

Еске салайық, UFC 239 турнирінде Масвидаль Бена Аскренді 5 секундта нокаутқа түсірген болатын.