Қазақстан Премьер-лигасының үшінші, шешуші айналымы басталды. Чемпионаттағы барлық командалардың бәрі бір-бірімен кездесіп болған соң 2019 жылдың жеңімпазы анықталады.

Үшінші айналымның алғашқы туры ел чемпиондары «Астанасыз» өтті. Еурокубокқа қатысып жатқанына байланысты елордалықтар Кәсіпқой футбол лигасынан «Атыраумен» болатын ойынды кейінге шегеруді өтінді. Олар рұқсатын берді. «Атырау» да қарсы болмай, келісе кетті.

23-турдың барлық матчтары 19 жасында дүниеден озған «Оқжетпестің» ойыншысы Роман Зюзиннің құрметіне арналған үнсіздікпен басталды.