«Бавария» Филиппе Коутиньоны жалға алу жөнінде каталониялық клубпен келісімге келгенін ресми түрде жариялады, деп жазады Prosports.kz.

27 жасар футболшы жақын күндері Германияға келіп, медициналық тексеруден өтуі тиіс. Содан кейін келісімшартқа қол қояды деп күтілуде. Коутиньо Бавария сапында маусым соңына дейін доп тебеді. Ойыншының келісімшартында сатып алу басымдығы туралы тармақ жазылған.

Еске сала кетейік, Коутиньо «Барселонаға» 2018 жылы «Ливерпульден» ауысып келген.