Неміс Бундеслигасының бірінші турында мюнхендік Бавария өз алаңында «Гертаны» қабылдап, тең ойнады, деп жазады Prosports.kz.

24-минутта алаң иелерінің шабуылшысы Роберт Левандовский есеп ашқан. Одан кейін «Герта» қаһарына мінсін! Айналасы екі минутта, дәлірек айтқанда 36, 38 минуттарда Ибишевич пен Марко Груич екі гол соғып, «Баварияны» есеңгіретіп тастағаны анық. Екінші таймның орта тұсына таман Левандовский пенальтиден есепті теңестірді.

Келесі турда, 24 тамыз күні «Бавария» «Шалькеге» қонаққа барса, «Герта» 25 тамызда өз алаңында «Вольфсбургпен» күш сынасады.