31 тамыз күні Челябинск қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында командалық түрде жүлделер сарапқа салынды.

Қазақстан ерлер құрамасы қолаға бір қадам жерде тоқтады. Үшінші орын үшін болған күресте қазақстандықтар Грузин балуандарына жол берді. Жапония құрамасы ресейліктерді шаң қаптырып, чемпион атанды.  Ал әйелдер құрамасы болса бірінші кездесуде-ақ болашақ күміс жүлдегерлер Моңғолия командасына тізе бүкті.

 

Дзюдо. Әлем чемпионаты. Челябинск

Ерлер.

1. Жапония

2. Россия

3. Германия

3. Грузия

5. Қазақстан 

Әйелдер.

1. Франция

2. Моңғолия

3. Германия

3. Польша