Қазақстандық боксшы Әли Балоевтың келесі жекпе-жегі титулды болады.

— Қыркүйек айында Әли Балоев Қазақстанда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады. Қашан және қай қалада өтетінін жақын уақытта хабарлаймыз. Бәске чемпиондық белбеу тігіледі, қарсыласы қарымды болады!, — деп мәлімдеді MTKGlobal Қазақстан промоутерлік компаниясы.

Айта кетейік, Әли Балоев соңғы жекпе-жегін 6 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінде Хэмилтон Вентурамен жұдырықтасып, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.