Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жекпе-жекті өткізу туралы келісімшартқа қол қоюға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қос боксшының жекпе-жек биылғы жылдың 5-ші қазан күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» кешенінде өтуі қажет.

Екі тараптың өкілдері жекпе-жектің келісімшартына алдағы бірер күнде қол қояды. Боксшылар мексикалық Сауль Альварес босатқан орта салмақтағы IBF чемпиондық белбеуі үшін қолғап түйістіреді.