«Валенсияның» намысын қорғайтын Родриго Морено Мадридте медициналық тексерістен өтіп жатыр.

Испаниялық шабуылшы «Атлетико» қатарына 55 миллион еуроға ауысады. 28 жастағы футболшыны «матрасниктер» бүгін таныстырады деп күтілуде.

Родриго өткен маусымда «Валенсияның» жейдесінде Испан Премьерасының 33 ойынына қатысып, 8 гол соққан.