Хорватиялық жартылай қорғаушы Иван Перишич мюнхендік «Бавария» қатарын толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 жастағы футболшы неміс командасында 2019/2020 маусымның аяғына дейін өнер көрсетеді. «Бавария» басшылығы Иванның бұрынғы клубы «Интерге» бір маусымдық келісімшарт үшін 5 миллион еуро төледі.