«Баварияның» бас бапкері Хосеп Гвардиола мен жартылайқорғаушы Франк Рибери түрмеде отырған мюнхендік клубтың бұрынғы президенті Ули Хенесспен кезедесіп қайтты.

Кездесу екі сағатқа жуық уақытқа созылған. Хенесспен осыған дейін Карл-Хайнц Румменигге, Юпп Хайнкес пен adidas компаниясының басшысы Герберт Хайнер жолыққан еді.Естеріңізге сала кетейік, Хенесс салық төлеуден қашқаны үшін үш жарым жылға сотталған болатын.