Мадридтік «Реал» клубының бас бапкері Карло Анчелотти Хаби Алонсо мен Анхель ди Марияның командадан кеткені жайлы өз пікірін білдірді.

«Бізді Алонсоның ауысуы таңғалдырды. Бәрі тыныш қана өтті. Хаби бір демде кетемін деген шешім шығарды, әрине біз оның клуб үшін істеген істерін құрметтеуіміз керек».

Анчелотти «Манчестер Юнайтедке» ауысқан ди Мария жайлы да пікірін айтты. «Кейбір ойыншыларға бәсекелістік ұнайды, ал кейбірі тек қара басының қамын ойлап, ақшаның артынан кетеді. Егер футболшы әлемнің ең үздік клубында өнер көрсеткісі келмесе, мен оны ұстамаймын», - деді «Реал» клубының бас бапкері.