9 тамыз күні Францияның Куршевеле қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер мен әйелдер арасындағы жазғы Гран-при турнирі өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сынға Сергей Ткаченко мен Сабыржан Мүмінов қатысқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша Ткаченко 30-шы, Мүмінов 39-шы орын иеленді.

Бірінші орынды Тими Зайц иеленсе, екінші орынға норвегиялық Роберт Йоханссон жайғасты. Үшінші сатыда жапондық Наоки Накамура.