Бүгін Өзбекстан астанасы Тәшкенде таэквондодан кадеттер арасында әлем чемпионаты басталды, деп жазады Prosports.kz.

Әлемнің 60 елінен 500-ге жуық спортшы қатысатын үлкен турнирдің алғашқы күнінде 5 қазақстандық сынға түсті. Өкінішке қарай төрт таэквондошы өрен қарсыластарына жол берсе, 33 келі салмақта жекпе-жекке шыққан Айдана Сүндетбай қола жүлдені қанжығаға байлады.