Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Екінші лиганың шілде айындағы үздік ойыншысы мен бапкерін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші лиганың шілде айындағы үздік ойыншысы атағы 7 ұпай жинаған «Алтай Ж» жартылай қорғаушысы Денис Митрофановке бұйырды.

Ал үздік бапкер атағын «Қыран Ж» жаттықтырушысы Фархадбек Ирисметов иеленді. Ол бес ұпай жинады.