Еуропа лигасы аясында өткен «Валлеттаға» (5:1) қарсы ойында голдық пас берген «Астана» ойыншысы Дмитрий Шомко командадағы нәтижелі футболшылардың қатарына қосылды, деп жазады Prosports.kz.

Марин Томасовтың гол соғуына мүмкіндік жасаған Шомко нәтижелі ойынын жалғастырды. Оның қазіргі көрсеткіші 50 (11+39).

Шомконың алдын тек Патрик Твумаси (68+27), Фокси Кетевоама (34+51), Танат Нусербаев (54+25), Марин Томасов (36+38) және Джуниор Кабананга (41+14) орап тұр.