Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы осы күндері Мьянмада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама ала алмады.

1/2 финалға шығу үшін біздің спортшылар Пәкістанжы жеңуі керек болатын. Алайда жерлестеріміз қарсыластарына 1:3 есебімен есе жіберді.

Жастарымыз Үндістан - Австралия жұбының жеңілгенімен 5-орынға таласады.