«Астана» баскетбол клубы мен Қазақстан ұлттық командасының бас бапкері Ренатас Курилионокас өз қызметінен кететінін, сондай-ақ жаңа жұмыс орны туралы жариялады. Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына «Қымбатты достар, аға-інілер мен апа-қарындастар, менің Қазақстандағы қызметім осымен тәмам. Жұмыс істеуге және бірге өсуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіргім келеді. Көмегі мен қолдауын аямаған клубтың бас директоры Валерий Тихоненкоға мың алғыс»! - деп жазды Курилионокас. Сондай ақ баскетболдан Қазақстан құрамасы мен «Астана» клубының барлық қызметкерлері мен бұрынғы әріптестеріне алғыс сезімін жеткізді.