Мюнхендік «Бавария» жолдастық матчта «Роттах-Эгерн» командасының қақпасына жауапсыз 23 гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Корентен Толиссо покер авторы атанса, Роберт Левандовский, Томас Мюллер мен Леон Горецки хет-три жасады.

Айта кетейік, өткен жылы «Бавария» тағы бір жолдастық кездесуде қарсыласы 20:2 есебімен жеңген болатын.